07
март
2025
АЛАШ РУХЫ – ЖАСТАР ЖАДЫНДА!
Бүгін гимназиямыздың пікірсайыс үйірмесінің белсенді оқушылары “DobolLike” акциясы аясында Әлихан Бөкейхан университетінің студенттерімен бірлесіп, қызықты квиз ойынын өткізді. Зияткерлік сайыс барысында оқушылар өз білімдерін сынап, тапқырлығы мен логикасын көрсетіп, тарихи саналарын тереңдете түсті.
Сондай-ақ, оқушылар Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен “Ұлы тұлға, ‘Алаш’ көсемі – Әлихан Бөкейхан” атты танымдық шараға қатысты. Бұл іс-шара еліміздің азаттығы үшін күрескен қайраткердің өмірі мен мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Ойын қорытындысы бойынша 10 “Ә” сынып оқушылары – Төлендинова Әдия, Қадырова Тоғжан және Қасенова Кәусар үздік команда атанып, ерекше білімдерімен көзге түсті!
Осындай маңызды шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың білімге, танымға деген қызығушылығын арттырады. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!