23
май
2025
2025 жылдың 22 мамырында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де дарынды оқушыларға қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ыбырай дарындары» атты «Гимназия шеруі-2025» жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Гимназия шеруіне жалпы саны 130 оқушы қатысты. Ғылыми жобалар сайысының, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың, спорттық сайыстардың, шығармашылық сайыстардың халықаралық, республикалық кезеңінің жүлдегерлері атанған 87 оқушыға «Гимназия мақтанышы-2025», облыстық кезеңнің жүлдегерлері 43 оқушы «Жеңімпаз-2025» медалімен марапатталды. Жеңімпаздарға медальді М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры - Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы, Ардагер ұстаз - Қанафина Бақтылы Қанафияқызы табыстап, жылы лебіздерін білдірді.
ссылка 1