Гимназия педагог-психологтары 9 сыныптарда «Стресспен қалай күресуге болады» атты тренинг өткізді.
Басты мақсаты – оқушылардың емтиханға дайындық кезіндегі сенімділігін арттырып, стрестен арылу жолдарын үйрету болды. Тренинг барысында «Стресспен қалай күресуге болады?» атты миға шабуыл, «Іздеп тап», «Баскетбол» жаттығулары ойнатылды.