17
сентябрь
2025
Ақпарат
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК базасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті.Семинарға Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінде қызмет ететін 65 жас тәлімгер қатысты. Гимназиямыздың аға тәлімгері Аубакирова Г. Р. қатысушыларға практикалық жұмыстар ұсынып, тәжірибесімен алмасты.



