20
октябрь
2026
Акпарат
https://youtu.be/QRW5i8QYucY
ГИМНАЗИЯДА «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ!
Бүгін гимназия қабырғасында 25 қазан – Республика күні қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті.
🇰🇿 Еліміздің болашағы – білімді, белсенді әрі отаншыл ұрпақ! Мерекелік рәсім барысында ұйым қатары жаңа мүшелермен толықты. Гимназия әкімшілігі мен ардақты ұстаздар, сондай-ақ «Алтын белгі» және «Үздік» аттестатына үміткер түлектер ұйымға қабылданған оқушыларға көгілдір галстук пен төсбелгі табыстап, жас ұландарға ақжарма тілектерін білдірді.
✨ Бұл – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылыққа, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелейтін маңызды қадам.
Жас ұландарға ұйымның абыройын асқақтатып, білімді, тәртіпті, белсенді әрі ел болашағына үлес қосатын азамат болып өсуіне тілектеспіз!
Жас Ұлан – жарқын болашаққа бастар жол!
🇰🇿 Елім деп соққан жүрекпен, Отанға адал қызмет етейік!