02
октябрь
2025
“Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ-де Ұстаздар күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Бұл күні мектеп түлектері мен үйірме оқушылары ұстаздарына деген алғыс пен махаббатын өнер арқылы жеткізді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен концертте әсерлі әндер, жүрекке жылы өлеңдер мен мың бұралған билер орындалып, мерекенің шырайын аша түсті.
Ұстаз – ұлттың шамшырағы, білімнің сәулесін шашқан абзал жан.
Барлық ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірт қуанышын тілейміз! 🌟💐💐
ссылка1