02
октябрь
2025
1 қазан қарттар күніне орай “Ұстазым-ұлағатым,үлгі , өнегем” тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
Кездесуге бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне , білім беру ісіне арнаған зейнеткер ұстаздар қатысты.Өмір жолы мен ұстаздыққа келулері, мектептегі еңбек жолындағы қызықты сәттерден естеліктер айтылып, ой бөлісті. Кәсіподақ комитеті,қазақ тілі мен орыс тілі пән бірлестігіндегі ұстаздардың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел басында шай ішіп, әсем әуен айтылып, қызықты тренингтер ұйымдастырылды.Кедесуге келген зейнеткер ұстаздардың көңілдері көтеріліп, осындай кездесудің куәсі болғандарына ризашылықтарын білдірді.
ссылка1ссылка2


