10
октябрь
2025
“Өрендер жүйрік болар өрге басып...” тақырыбында “Ақ қауырсын” үйірмесінің шығармашылық таныстырылым кеші өтті
2025 жылдың 8 қазан күні Гимназияның
“Ыбырай Алтынсарин” атындағы жиын залында «Ақ қауырсын» өнер үйірмесінің шығармашылық таныстырылым кеші ұйымдастырылып, өнерсүйер жалынды жастардың көңілінен шықты.
Кештің мақсаты
жас өрендердің өлеңге, аудармаға, айтысқа, жалпы өнерге деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілетін көпшілікке таныстыру.
Ашылу салтанатында Гимназияның Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Сара Сырымқызы құттықтау сөз сөйлеп, үйірме жұмысының басталуымен оқушыларды құттықтап, жас шығармашыл өрендерге табыс пен шабыт тіледі.
Кеште мынадай өнер кезегі ұсынылды:
8 - сынып оқушысы
Аманбекова Сабинаның жүрекжарды “Ақ қауырсын” туралы “Арнау” жыры тыңдарманға ерекше әсер қалдырса,
«Күй күмбір» нөмірінде – 7 - сынып оқушысы Жұман Ерхан домбыраның қоңыр үнімен төгілген «Алаш аманаты» күйі ұлттық рухты сезіндіріп, жастарды жігерлендіре түссе, «Ақындар айтысы» бөлімінде – 7 - сынып оқушылары Ерхан Жұман мен Әлихан Еркебұланұлы
Қайым айтысып, өзара сөз сайысып бақты. Артынша, «Жас өрендер жырлайды» – шығармашылық бөлімге ұштасты. Бұл кезеңде жас ақындар өз авторлық өлеңдерін оқып, еркін де көркем поэзия әлеміне бойлады. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушылары: Жасарбек Расул – «Ыбырай Алтынсарин өлеңін паш етіп, Идрисова Інжу – «Ұстазға алғыс» өлеңін оқыса, Зере Серікболат – «Анашым» өлеңін ұсынса, Айлин Мамеева – «Абай ата» өлеңімен таңдандырса , Бекжан Дауылбеков – “Ұстаз” өлеңімен самсатып, Сәкенов Ерасыл – «Ата-анаға алғыс» өлеңдерімен тамсантты.
Қорытынды сөзді үйірме жетекшісі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы жас ақындарға шығармашылық шалқар шабыт тілей келе, өнердің биігіне ұмтылуға шақырып өтті.
Марапаттау рәсімінде,
“Ыбырай Алтынсарин атындағы” Гимназияның Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қалиева Сара Сырымқызы
барлық қатысушыларды құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.




