25
октябрь
2025
24.10.2025 ж 3-сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға құқық пен міндет туралы түсінік беру, тәртіпті болуға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Оқушылар құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы пікір алмасты. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, жағдаяттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында балалар «Заңды құрметтеу – әр азаматтың парызы» деген ұранмен өз ойларын білдіріп, адал, әділ және тәртіпті оқушы болуға уәде берді.
Жауапты: 3 -сынып мұғалімдері



