17
ноябрь
2025
1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.
Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі. 20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Басты мақсат – мемлекеттік құрылымдардың және БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру. Онкүндікке білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және т. б. қатысады. Онкүндікке орай 2025 жылғы 17 қарашадан 25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне орай танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклі ұйымдастырылады.