25
ноябрь
2025
Ақпарат
Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінде әскери-шефтік жұмыс жоспары мен жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыруға бағытталған іс-шара өткізілді.
«Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері үшін келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді:
• Рота бойынша тәуліктік кезекшінің іс-қимылдары;
• АК-74 және РПК-74 қаруларының тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеу;
• №12 және №13 нормативтерін орындау;
• Саптық дайындық — орында тұрып және қозғалыста саптық тәсілдерді пысықтау, саптан шығу мен тұру, бұрылыстарды орындау.
Мұндай сабақтар жастардың тәртібін, ұйымшылдығын, борыш сезімін және Республикасының Қарулы Күштеріне деген мақтанышын қалыптастырады.
ссылка1