24
декабрь
2025
11 “Ә” сынып оқушылары гимназияның өлкетану музейіне “Мен және музей әлемі” тақырыбындағы саяхат сабаққа барды.
Музей жетекшісі Г.М.Мухамедиева оқушыларды музей ісі мен жәдігерлер қандай сыр айтатынын түсіндірді. Ұлттық құндылықтарды еске түсіретін жәдігерлермен, мектеп тарихымен таныстырып, білім алушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Әр жәдігер мектеп тарихын сақтағаны оқушыларды ерекше сезімге бөледі.
