13
январь
2026
«Кел, балалар, оқылық!» пікірсайыс үйірмесінің кезекті жиналысы өтті
Бүгін «Кел, балалар, оқылық!» пікірсайыс үйірмесінің 3-тоқсанға арналған кезекті жиналысы ұйымдастырылды. Жиын барысында үйірменің алдағы жұмыс жоспары жан-жақты талқыланып, үшінші тоқсандағы сабақ кестесі бекітілді.
Сонымен қатар, пікірсайыс сабақтарының форматы, дайындық бағыты, оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары және алдағы жарыстарға қатысу мәселелері қаралды. Үйірме мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, жоспарды бірлесе нақтылады.
Жиналыс мазмұнды өтіп, үшінші тоқсанда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге негіз қалады.
Пікірсайыс – ой еркіндігі мен мәдениетті сөздің мектебі. Алдағы кезеңде де үйірме жұмысы өз жалғасын табады.
ссылка1