14
январь
2026
Мектеп қабырғасында «Түлектер – мектеп өмірінің жалғасы» атты кездесу кеші өтті Кештің мақсаты – мектеп пен түлектер арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпаққа өмірлік тәжірибе мен өнеге көрсету.
Кездесу барысында әр жылдары мектеп бітірген түлектер сөз сөйлеп, өздерінің еңбек жолы, жетістіктері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқушыларға білім алудың маңызы, мақсат қоя білудің және табандылықтың рөлі туралы пайдалы кеңестер берді.
Шара барысында әндер шырқалып, естелік сәттер еске алынды. Ұстаздар мен оқушылар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Шара барысында 10 сыныптар «Мамандық – өмірлік табыстың кілті» атты жоба қорғады. Жобаның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру, болашаққа саналы түрде бағыт беру.
Жоба қорғау барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы зерттеу жұмыстарын ұсынып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар таңдаған мамандықтарының қоғамдағы рөлі, маңызы және болашақтағы мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ізденісін көрсетті.
Кездесу кеші әсерлі әрі тағылымды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен үлкен әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылар:
Адылбекова Т.Е
Абельдинова Г.Ж.
Парламент ұйымы
Ибраева Т.С.
Нугмарова С.К.
Абишев Н.А
ссылка1