15
январь
2026
Мектебімізде математика, информатика және физика пәндері апталығында, оқушылар үшін мазмұнды да қызықты іс-шаралар өтіп жатыр.
Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, білімді ойын арқылы меңгерту.
Соның ішінде математика пән мұғалімдері мен математика пәнінен келген машықкерлер оқушыларға арнап көңілді үзілісте түрлі қызықты ойындар, логикалық тапсырмалар мен сайыстар ұйымдастырды. Оқушылар белсенді қатысып, білімдерін шыңдап қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер алды. Осындай танымдық әрі көңілді шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.
ссылка1