28
январь
2026
Математика, информатика және физика апталығы аясында 6-сынып оқушылары арасында қызықты да тартысты робофутбол сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа 6А, 6Ә, 6Б, 6В, 6Г сыныптарынан әр сыныптан 2 ұл баладан қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Тартысты ойын нәтижесінде 🥇 I орынды — «Арлан» тобы жеңіп алды! Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс айтамыз. Ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🚀

