29
январь
2026
🗓28 қаңтар – 5 ақпан аралығында мектебімізде
7–8 сынып оқушылары арасында 🎥🎞«MOB FEST» жас мобилографтар байқауы ұйымдастырылады.Әр сыныптан бір оқушы қатысу керек.
🎥🎞«MOB FEST» байқауын өткізу туралы ереже
Мақсаты: Оқушылардың мобилография дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауын жетілдіру.
Талаптар: Тақырып бойынша мобильді телефонмен қысқаметражды видео, әлеуметтік ролик немесе эстетикалық видеолар түсіруі керек.
🎞🎥«MOB FEST» байқауының жоспары
🗓Өткізу мерзімі: 28 қаңтар – 5 ақпан 2026 ж.
Қатысушылар: 7–8 сынып оқушылары
Формат: Оқушылар берілген 12 тақырыптың бірін таңдап, ⏳2-3 минуттық видео түсіреді.
Жеңімпазды анықтау: Инстаграмда ең көп лайк пен пікір жинаған 3 қатысушы және арнайы номинациялар беріледі.
🏆Жүлделер:сыйлықтар немесе арнайы марапаттар
📍Байқау кезеңдері:
📍I-кезең (28- қаңтар ): Байқау туралы ақпарат тарату
📍II-кезең(3- ақпан ): Видеоларды қабылдау
📍III-кезең (5 –ақпан ): Дауыс жинау
📍IV-кезең (6 –ақпан ): Жеңімпаздарды анықтау
📌«MOB FEST» байқауының видеотүсірілім тақырыптары
📌Ұсынылатын тақырыптар:
📌1.Менің мектебім – менің екінші үйім
📌2.Мектеп кітапханасы – білімнің алтын қазынасы
📌3.Мектептегі бір күн
📌4.Мұғалім – біздің шабыт көзіміз
📌5.Мектеп асханасы: ең дәмді сәттер
📌6.Менің мектебімдегі ең ерекше орын
📌7.Менің болашақ мамандығым
📌8.Мектептегі достық
📌9.Менің сүйікті пәнім
📌10.Мектептен кейінгі өмір: оқушылар немен айналысады?
📌11.Біздің мектептің ең үздік ұстазы
📌12.Мектептегі ұмытылмас оқиғалар
Номинациялар:
Бас жүлде – «Үздік жас мобилограф» (ең көп лайк және пікір жинаған қатысушы)
Креативті видеоконтент (ең ерекше идеямен түсірілген видео)
Үздік монтаж (техникалық өңдеуі жоғары видео)
Эмоционалды әсерлі видео (ең әсерлі оқиға баяндалған видео)
Көрермен көзайымы (Инстаграмдағы ерекше пікірлер санына қарай)
✨ Байқауға қатысып, бақтарыңызды сынап көріңіз!