29
январь
2026
22.01.26 күні 8-сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі 1-мәселеде АПҚО бағдарламасы бойынша *”Тәжірибені ұғыну және ішкі күш”* тақырыбында дәріс өткізіліп, топтық жұмыс жүргізілді. Ата-аналар жағдаяттарды шешіп, пікір алмасты.
Келесі мәселелерде ІІ тоқсан қорытындысы, “Заң және тәртіп’” құндылығына арналған құқықтық баптар талқыланып, жадынамалар таратылды. Қосымша оқу-тәрбие үрдісіне байланысты мәселелер талданды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, жиналыс соңында қаулы қабылданды.





