04
февраль
2026
👋🏻 Сәлем, достар! “Ешбір мәселе ұсақ емес, ешбір сезім артық емес” дей келе сіздерге ашық түрде хабарлама таратудамыз!
📌 Егер сіздерде қандай да бір мәселе, уайым немесе түсінбестік болса, есіңізде болсын Сіз жалғыз емессіз!
Парламентке қысылмай, қорықпай келулеріңізге болады. 😊 Біз тыңдауға, түсінуге және қолдап, көмектесуге дайынбыз! ❤️
Сіздерге қиын сәтте көмектесіп, жандарыңыздан табылу-біздің міндетіміз. Сондықтан егер шағым, ұсыныс, өтініштеріңіз болса, жеке бізбен жолығып немесе инстаграмм парақшамызға ашық жаза берулеріңізге рұқсат! 💞
Біз сіздердің ұсыныстарыңызды, мәселелеріңізді шешуге барынша көмектесуге дайынбыз.
🏫 Біз бір-бірімізге қамқор болу керекпіз. Сонда ғана, мектеп шынымен де екінші үйімізге айналады.
Кейде жай ғана біреуге ішіңдегіні айту үлкен жеңілдік сыйлауы мүмкін ❤️🩹
Ізгі ниетпен: Парламент Ұйымы, “Қамқорлық” фракция жетекшісі