04
февраль
2026
02.02.2026 ж.Семей қаласы “Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы” КММ-де “Абай әлемі” клубының ұйымдастыруымен “Абайды оқы,таңырқа…”тақырыбында 3-4-5-6-сыныптар арасында 32 оқушының қатысуымен “Жас Абайтанушы”сайысы болып өтті.
Қазылар алқасының әділ шешімімен Абай өлеңдері мен қарасөздеріне қойылған талаптар бойынша,ең үздік деп танылған ,1- орын иеленген оқушыларға гимназия директоры Олжас Сәбитұлының жетекшілігімен “Qasym” баспа үйі демеуші болып, “Абай қарасөздері ”жинағы табысталды және 2-3- орын алған барлық қатысушылар Мадақтамамен марапатталды. Ұйымдастырушылар: “Абай әлемі” клубының жетекшісі Орынғожина Лауса Советқызы ; Машықкерлер:
4-курс студенті Тұрарбек Бибігүл Нұрлыбекқызы;
3-курс студенті Жадрина Камилла Дәуренқызы.
ссылка1