12
февраль
2026
12 ақпан күні 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің Жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы, подполковник Рахпанов Канат Уралович арнайы шақырылды.
Оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді:
• Құжаттарды тапсыру ережелері мен кезеңдері;
• Медициналық тексерістен өту талаптары;
• Дене дайындығына қойылатын шарттар;
• Әскери қызметтің артықшылықтары мен болашақтағы мүмкіндіктері.
Бұл кездесу жас түлектерге болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, әскери қызметтің қоғамдағы маңызын түсінуге көмектесті.
Іс-шараны ұйымдастырған – Сарсеков Б.К.