13
февраль
2026
Пікірсайыс үйірмесінің кезекті жеңісі!
Гимназиямыздың «Ыбырай дарындары» командасы тағы бір мәрте жоғары нәтиже көрсетіп, үздік бестіктің қатарына енді. Бұл – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің айқын көрінісі.
Жүлдегер оқушылар:
🔹 9 «Г» сынып – Тоқтарғазы Алихан
🔹 9 «Ә» сынып – Тойкеева Алтынай
🔹 10 «А» сынып – Бақытбекова Назерке
Команданың бұл жетістігі – білімге деген жауапкершіліктің, ой ұшқырлығы мен сөз мәдениетінің нәтижесі. Пікірсайыс алаңында шәкірттеріміз өз ұстанымдарын нақты дәлелдеп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Үйірме жетекшісі: Бинұр Ахатқызы.
Жас буынның әр жеңісі – ортақ еңбектің жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

