24
февраль
2026
🏆 Республикалық іріктеу турнирінің қалалық кезеңі
Қаламызда өткен беделді додада гимназиямыздың «Ыбырай дарындары» фракциясы орыс лигасында І орын иеленіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жеңімпаз құрам:
🔹 Төлендинова Адия — 11 «Ә»
🔹 Бақытбекова Назерке — 10 «А»
🔹 Қасенова Кәусар — 11 «Ә»
Сонымен қатар жекелей жетістіктер де жоғары бағаланды:
✨ Қасенова Кәусар — «Үздік ребатл» номинациясы
✨ Бақытбекова Назерке — Турнирдің үздік спикері
Бұл нәтиже — терең дайындықтың, мықты талдаудың және командалық үйлесімнің жемісі.
Енді жеңімпаздарымыз Семей қаласының намысын облыстық турнирде қорғауға жолдама алды.
Сенім үдесінен шығып, биік белестерді бағындырады деп сенеміз!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Алдағы додада сәттілік тілейміз! ✨
