21
март
2026
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихында Желтоқсан оқиғасы ерекше орын алады.
Бұл – еркіндік пен әділдікти аңсаған қазақ жастарының ерликке толы қадамы, ұлттық рухтың жаңғыруының айқын көрінісі болды. Сол тарихи оқиғаның қаһармандарының бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ониң қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншилігі кейингі ұрпаққа үлгі болып қалды.
Биылғы жылы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толып отыр. Осыған орай, гимназиямыздың Жас Сарбаз сыныбының оқушылары Семей қаласындағы әскери-техникалық мектебінде жас ұрпаққа Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің өмірі мен ерлігін таныстыру, патриотық сезімін ояту және тарихи оқиғаларды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өткізилген іс-шарасына қатысты. Шара барысында батырдың өмірі мен ерлігі туралы құжаттар, фотосуреттер көрсетіліп, тарихи мәліметтер және Желтоқсан оқиғасы туралы айтылды, батырдың басына барып, тағзым етіп қайтты. Бұл жас ұрпаққа тәуелсіздік жолындағы күрестің шынайы тарихын танытып, жас ұрпақтыңыны бойнда отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі ұрпақ үшін Қайрат Рысқұлбековтің ерлігі – елге деген адалдықтың, ұлттық намыстың және тәуелсіздікке деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі. Ониң жарқын бейнесі мен қайсар рухы халқымыздың жадында мәңгі сақталып, келешек ұрпаққа үлгі бола бермек.
Сынып жетекшісі: Жарылгасинова Ж. Г.
Әскери жетекшісі: Суюндиков А. А
