03
апрель
2026
«Абай облысы білім басқармасы» ММ, «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ, «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшылығымен «Ы.Алтынсарин атындағы № 37 гимназии» КММ-де
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қанипа Бітібаеваның 80 жылдықмерйтойтына арналхан «Абай даналығы мен Қанипа Бітібаева әдістемесі: ұлттық білім берудің рухани-ғылыми негіздері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар аясында Абай облысы бойынша ашылған Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымы ұсынылып, қатысушыларға ұстаз мұрасының кең ауқымы мен заманауи білім беру жүйесіндегі махызы жан-жақты таныстырылды.
Ғалымдар мен педагогтар ұстазддың ғылыми-әдістемелік мұрасына терең талдау жасап, тағылымды ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері Ахмер Біржан Ермекұлы , ғалым, профессор Арап Еспембетов, ақын Дәметкен Омарбаева, шәкірттері Бекжан Бапышев пен Жаңыл Бітібаева ұстаз туралы жүрекжарды естеликтерімен бөлісіп, ониң тұлғалық болмысы мен адамгершилік қасиеттерін ерекше ықыласпен еске алды.
ссылка1