09
сентябрь
2025
Бүгін, 09.09. 2025ж. Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясында Тілдер мерекесі аясында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Кеш барысында оқушылар Абай туралы толғап, өлеңдері мен қарасөздерінен сыр шертіп, құлақтан кіріп бойды алатын Абай әнін орындап, құлақ құрышын қандырды. Ұйымдастырушы: "Абай әлемі "клубының жетекшілері: Тулеубаева С.Б. Орынғожина Л.С.