18
апрель
2026
ГИМНАЗИЯ МЕРЕЙИН АСҚАҚТАТҚАН ҚАЛАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ
2026 жылдың 17 сәуірінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлының 160 жылдығына орай ұйымдастырылған «Финляндия қалай оянды?» кітабы негізінде қалалық эссе байқауы өтти.
Аталған білім додасында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының» 6 – 8 сынып оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Байқауға қатысқан 60 оқушының арасынан топ жарып, жүлделі II орынды иеленген 8 «В» сынып оқушысы Сембай Інжу арнайы Дипломмен марапатталып, сонымен қатар 25 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа и болды.
Соными бірге гимназия намысын абыроймен қорғап, ерекше белсенділік танытқан бірқатар дарынды оқушыларымыз Сертификаттармен марапатталды:
– Дуанбек Нұрдәулет (7 «А»)
– Қабылкадырова Сабина (7 «Б»)
– Досумханова Аяна (7 «В»)
– Байсагат Қарлығаш (8 «Б»)
– Еділбай Айша (6 «Г»)
Айта кетейик, жүлдегер атанған Сембай Інжу
«Ақ қауырсын» үйірмесінің жас ақын шәкірті.
Жалпы қауырсын қалам иелерінің бұл жетістігі – білімге деген құштарлық пен табандылықтың жарқын көрінісі.
Құттықтаймыз!
Жеңіс тұғырынан көрине беріңіздер!
Сіздер – біздің мақтанышымызсыздар!






