"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » ГИМНАЗИЯ ЖАС ДАРЫНДАРЫ – БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
27
апрель
2026

ГИМНАЗИЯ ЖАС ДАРЫНДАРЫ – БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Семей қаласындағы Абай музейінде көрнекті ақын, белгілі журналист, «Абай» журналының директор-бас редакторы болған Мұратбек Оспановтың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында «Ғұмыры ғазал – ақын» қалалық жас ақындар мен жас журналистер байқауы өткізілді.

Байқауға қала мектептерінің оқушылары қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.

Аталған байқауда «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының» оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, мынадай жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Жас журналистер байқауы

«Журналист деген құдірет, Қадірін оның білгенге» аталымы бойынша «Эссе» бағыты:
I орын Дипломы – 11 - сынып оқушысы Нәсіпқазы Берік
Жетекшісі: Нургамысова Ш.М.

Жас ақындар байқауы

«Жасымнан жан серігім өлең еді...» аталымы бойынша «Поэзия» бағыты:

I орын Диплом – 8 - сынып оқушысы Асубаев Назар
Жетекшісі: Омарғалиев Е.Қ.

Алғыс хат – 8 - сынып оқушысы Аманбекова Сабина
Жетекшісі: Агыбаева Г.М.

Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы байқауларда да жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив