27
апрель
2026
2026 жылдың 27 сәуір күні 8 сыныптар арасында «Ерлік сабағы» бірыңғай әскери-патриоттық сабағы өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Отанды сүюдің маңызын түсіндіру, әскери-патриоттық тәрбие беру, ел қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, жауапкершілік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға ерлік пен батырлық туралы бейнематериал көрсетіліп, мардымды ақпараттар берілді. Әскери-патриоттық бағыттағы сұрақ-жауап өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.
Ұйымдастырушылар: Галымова Ж.М., Рамазанов Ғ.


