07
май
2026
5.05.2026 жылы 54836 әскери бөлімінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға 10-сынып оқушылары мен «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, қару-жарақ түрлерін көріп, олардың қолданылуы туралы мәлімет алды.
Шара барысында оқушыларға әскери қызметтің маңызы түсіндіріліп, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылды. Ашық есік күні оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың патриоттық рухын арттыруға ықпал етті. Жетекшілері: Сарсеков Б.К.Суюндуков А.А.
ссылка1