14
май
2026
13 мамыр күні гимназиямызда Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттау, заң мен тәртіпті қатаң сақтау мақсатында тағылымды тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында 9-10 сынып оқушылары Конституция — ел бірлігі мен тәуелсіздігінің тірегі екенін түсініп, заңды құрметтеу, құқық пен міндетті білу туралы ой бөлісті. Халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыттар дәріптелді.
Жас ұрпаққа әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеген бұл тәрбие сағаты оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосты.