14
май
2026
«Басты құндылық – бала қауіпсіздігі» жобасы
Гимназияда квартал сайын төтенше жағдайлар және өрт кезіндегі қауіпсіздік оқу-жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығу шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталып, іс-қимылдар мен міндеттерге сәйкес нұсқама беріледі.
2025-2026 оқу жылында гимназияда «Басты құндылық – бала қауіпсіздігі» жобасы қолға алынып, халықаралық деңгейдегі іс-тәжірибелерді зерделей отырып, барлық сыныпқа арнайы «Төтенше жағдай» қораптары дайындалып, іске асырылды.
Бір өзгешелігі таяу шығыс елі – Жапон мемлекетінің іс-тәжірибесіне сәйкес қораптағы тізімге ата-аналардың рұқсатымен оқушылардың қан тобы мен дәрілерге аллергиясының бар-жоғы тіркелді. Былтырғы жылы Түркия елінде болған зілзала тәжірибесі көрсеткендей қол фонаригі мен ысқырық көп адамның өмірін сақтап қалған болатын. Сондықтан да қорапқа фонарь мен ысқырық та салынды.
Жобаның негізгі мақсаты – төтенше жағдай орын алған сәтте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел әрекет етуге дайын болу және эвакуация кезінде қажетті құралдардың қолжетімділігін арттыру.
ссылка1