15
май
2026
14 мамырда жыл сайын ұйымдастырылатын «WorldSkills Abai – 2026» чемпионатының өтуіне байланысты кәсіптік бағдар беру мақсатында 8-сынып оқушылары көлік колледжіне барып қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, көлік саласына қатысты мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар студенттердің тәжірибелік жұмыстарын көріп, заманауи техникалар мен құрал-жабдықтармен танысты.
Кездесу оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді. 🚗🔧✨