19
май
2026
Осу! 🥋
25–26 сәуір күндері Ташкент қаласында киокушин-рюдан ашық Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Азияның алты елінен 800-ден астам спортшы қатысып, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл дода барлық қатысушылар үшін үлкен сын мен тәжірибе алаңына айналды.
Қазақстанның Сокёкусинкай Кан каратэ құрамасы жоғары дайындық деңгейін, мықты рухты, тәртіп пен жеңіске деген жігерін көрсете білді. Әр спортшы бар күшін салып, нағыз жауынгерлік мінез танытты. 🔥
Командамыздың мақтанышы — Гимназиямыздың 2 «Ғ» сынып оқушысы Талпынова Асылжан Дарханқызы 1-орын иеленіп, Азия чемпионы атанды! 🥇🏆
Асылжан Гимназиямыздың оқуда озат, алғыр, сыныптастарының алды болып келе жатқан үлгілі оқушы.
Асылжан — “Rahimzhanova” каратэ академиясының шәкірті.
Жаттықтырушысы: Рахимжанова Айгерим Советхановна.
Бұл жетістік — күнделікті еңбек, тынымсыз жаттығу, сабыр мен алға қойған мақсатқа деген табандылықтың жемісі.
Осындай жеңістер — үлкен командалық жұмыстың, ата-аналардың қолдауының, жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Әрдайым биіктен көрініп, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! 💪🏻

