19
май
2026
Мамырдың 18-і күні Бәтташ Сыдықұлы атындағы “Шешендік сөз өнері”орталығында Әлихан Бөкейхан университетінің 3-курс машықкерлерімен “ Сөзді сөйлеу-өнер,сөзді түсіну-мәдениет”тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Орталық меңгерушісі Шолпан Махмұтқызы “Шешендік өнер” орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстарды айта келіп, орталықтың мақсатының өзі оқушыларды шешендік өнерге баулу,сөз өнерінің құдіреттілігін ұғындыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру екендігіне тоқталды.
Қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі Агыбаева Ғ.М. машықкерлерге тәжірибе барысында қажетті құжаттар, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар,әдіс-тәсілдер туралы ақпарат берді. Машықкерлер де тәжірибе барысында өздерінің үйренген ,жүргізген жұмыстары туралы айтты.
Ұйымдастырған: Бәтташ Сыдықұлы атындағы “Шешендік сөз өнері”орталығының меңгерушісі Нургамысова Ш.М.

