"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

02
сентябрь
2026

Ақпарат

Құрметті ата-аналар!
Мектептің Қамқоршылық кеңесіне (Попечительский совет) жаңа мүшелерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Егер сіз мектеп өміріне белсене араласып, балаларымыздың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуіне өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, Кеңес құрамына өтуге өтінім бере аласыз.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты: Мектептің дамуына үлес қосу, оқу-тәрбие процесін жақсартуға көмектесу, мектеп инфрақұрылымын жаңарту бастамаларын қолдау және білім беру ортасын қауіпсіз әрі жайлы ету.
Кеңес мүшелігіне кімдер қабылданады?
-    Белсенді әрі мектеп өміріне бейжай қарамайтын ата-аналар;
-    Қоғам өкілдері мен демеушілер.
Қажетті құжаттар / талаптар:
1.    Өтініш (үлгісі мектепте немесе сайтта беріледі);
2.    Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
3.    Қысқаша өзіңіз туралы мәлімет (түйіндеме).
4.    Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарды жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;
5. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама. 
Мүшелікке өтінім беру мерзімі:
📅 Күні:  2–18 қыркүйек аралығы
21 қыркүйек күні сағат 18:00-де мектепте Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын сайлау бойынша ашық жиналыс өтеді. Жиналыс барысында кеңестің негізгі мақсаттары таныстырылып, кандидаттар арасынан жаңа мүшелер дауыс беру арқылы сайланады. Мектебіміздің дамуына бейжай қарамайтын барша ата-аналар мен қоғам өкілдерін таңдау жиналысына белсене қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат алу үшін және сұрақтар бойынша:
📞 Байланыс телефоны: 87222523970
✉️ Электронды пошта: semey_37@mail.ru
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив