"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» Последние публикации на сайте » Страница 427
Психологтарға арналған Республикалық қашықтық олимпиада
13
март
2020
Психологтарға арналған Республикалық қашықтық олимпиада
    "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен ұйымдастырылған білім беру ұйымдарының психологтарына арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында І орын алған үшін "Семей қаласының №37 гимназиясы" КММ психологы Амангелді Мейіржан марапатталады. 
"Қауіпсіз мектеп" жедел алдын алу іс-шарасы
12
март
2020
"Қауіпсіз мектеп" жедел алдын алу іс-шарасы
"Қауіпсіз мектеп" жедел алдын алу мақсатында гимназия инспекторы Индира Қайратқызымен бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бейнебайқаудың жүлдегер ұстазы
11
март
2020
Облыстық бейнебайқаудың жүлдегер ұстазы
       «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен «Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» облыстық бейнебайқауында бастауыш сынып мұғалімі Чегебаева Умутнур Курмангазиновна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!   
"Жидебай-Бөрлі" қорық музейінің жылжымалы көрмесі
11
март
2020
"Жидебай-Бөрлі" қорық музейінің жылжымалы көрмесі
Рухани құндылығымыздың сарқылмас қазынасы-Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған республикалық "Жидебай-Бөрлі" қорық музейінің қызметкерлерімен бірлескен жылжымалы көрме.
Облыстық Абай оқулары сайысына гимназияішілік іріктеу кезеңі
09
март
2020
Облыстық Абай оқулары сайысына гимназияішілік іріктеу кезеңі
Облыстық Абай оқулары сайысына гимназияішілік іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
8-наурыз
07
март
2020
8-наурыз
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған, Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған. Асыл ана, құтты болсын мерекең, Құшағына күллі әлемді сыйдырған. Оқушылардың мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар!
Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері
05
март
2020
Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері
2020 жылдың 28 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына Семей қаласынан гимназияның 11-сынып оқушысы Нуралдинова Маржан қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және қола алқа иегері болды. Жетекші ұстазы, математика пәнінің мұғалімі Сағатбекова Жанар Қалиханқызы. Құттықтаймыз!!!                            
Еріктілер тобы
04
март
2020
Еріктілер тобы
Тыл және еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз Михаил Фёдоровичтің үйіне еріктілер тобымен барып көмек көрсетіп, ардагер ұстаздың батасын алды. Жетекшісі тәлімгер Т. Е. Адылбекова
Сөз шеберлері сайысы
03
март
2020
Сөз шеберлері сайысы
       Наурыздың 2-сі күні Семей қаласының № 37 гимназиясында  Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына   175 жыл    және  қазақ тілінің жанашыры, журналист, сөз шебері Бәтташ Сыдықұлының туғанына 90 жыл толуына орай  «Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді...» атты сөз шеберлері сайысы өтті.            Сайыс Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-инновациялық  Заң университетімен бірлескен жұмыс аясында болды. Сайыстың мақсаты: Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің сөздерін
"Театр күні"
02
март
2020
"Театр күні"
"Семей қаласының N37 гимназиясы КММ-нің" 5-7 сынып оқушылары үшін 02.03.20 күн "Театр күні" болып аталып өтілді. Семей қаласының Абай атындағы драма театрына барып "Өкінішті өмір" драмасын тамашалады.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған "Бейбітшілік-елімнің мақсат-мұраты" жасөспірімдер фестивалі
02
март
2020
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған "Бейбітшілік-елімнің мақсат-мұраты" жасөспірімдер фестивалінде "Вокаль" жанрында айырықша көрсеткен өнері, дарынды, қабілетті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Мұқанова Еркеназ "Бас жүлде" иеленді! Жетекшісі Райхан Мырзахметқызына "Алғыс хат" жарияланды.
«Бейне-сабақ түсіру және өңдеу үлгісі» коучинг
28
февраль
2020
«Бейне-сабақ түсіру және өңдеу үлгісі» коучинг
        «Педагогикалық идеялар панорамасы» Білім беру ұйымдарына  арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсының Ережесімен  және конкурстың  мақсаты мен міндеттері, бейнематериалдың мазмұны мен түрі және өткізу тәртібі туралы директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Бейсембаева Нұргүл Бейсенқызы таныстырып өтті. Республикалық конкурс өткізу ережесіне байланысты гимназия мұғалімдерінің арасында «Бейне-сабақ түсіру және өңдеу үлгісі» тақырыбында
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы»
26
февраль
2020
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы»
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы» нәтижесін медиабілім мүмкіншіліктері арқылы насихаттау 26.02.2020 күні, бүгін Семей қаласының №37 гимназиясында биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде  оқытуда медиабілім мүмкіншіліктерінің тиімділігін қала мұғалімдеріне іс-тәжірибе тарату мақсатында on – line вебинар болып өтті. Вебинарға   қала мектептерінен 50 ден аса мұғалімдер қатысты. Заманауи үлгіге сай үш тілде сабақ жүргізуде Халықаралық, Республикалық деңгейде конкурстарға
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы» нәтижесін медиабілім мүмкіншіліктері арқылы насихаттау
26
февраль
2020
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы» нәтижесін медиабілім мүмкіншіліктері
«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы» нәтижесін медиабілім мүмкіншіліктері арқылы насихаттау 26.02.2020 күні, бүгін Семей қаласының №37 гимназиясында биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде  оқытуда медиабілім мүмкіншіліктерінің тиімділігін қала мұғалімдеріне іс-тәжірибе тарату мақсатында on – line вебинар болып өтті. Вебинарға   қала мектептерінен 50 ден аса мұғалімдер қатысты. Заманауи үлгіге сай үш тілде сабақ жүргізуде Халықаралық, Республикалық деңгейде конкурстарға
Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» «Robotime» атты оқушылар арасында жарыс өтті.
25
февраль
2020
Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында»
16-17 күні  Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» «Robotime» атты оқушылар арасында жарыс өтті. Осы жарыста №37 гимназиясының 6-сынып оқушысы Ақарыс Серікқазы «сумо+10» бағыты бойынша   III-орын иеленді, жетекшісі Алмат Хамитов. 8-сынып оқушысы Ернар Сакенов «Шагающие Сумо+14» бағыты бойынша III-орын иеленді, жетекшісі Мадина Шәріпханқызы Серикбаева
Абай қара  сөздері  «Адамның негізгі сипаты – адамгершілік» дөңгелек үстел
24
февраль
2020
Абай қара сөздері «Адамның негізгі сипаты – адамгершілік» дөңгелек
Абай қара  сөздері  «Адамның негізгі сипаты – адамгершілік» тақырыбында 9 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:   Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау;  Ұлы Абайдың қара сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, пікір алмасу, ой қозғау, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.        Дөңгелек үстел өте тартымды өтті, 9 «А» - Абай қара сөздеріне
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы»деп жариялады.
24
февраль
2020
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы»деп
Қазақ халқы қашан да еркіндікті аңсаған. Көкте қалықтап ұшқан қырандай әр кезде еркіндікке ұмтылған. Ата-бабаларымыздан бойымызға дарыған осындай асыл қасиетіміздің биылғы жыл жаңғырып, жаңаратын кезеңі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы»деп жариялады. Осындай игі бастаманы арқау еткен гимназия оқушылары "Қоғамға қызмет" аясында гимназия ауласын қардан тазалады. Осылайша, барлық оқушылар білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектептеріне зор құрметтерін білдірді.
"Үздік сынып жетекші-2020"
24
февраль
2020
"Үздік сынып жетекші-2020"
"Үздік сынып жетекші-2020" қалалық конкурсына қатысып "Кәсіби тартымдылық" номинациясын иеленген Мейрамгуль Мубараковнаны құттықтаймыз!
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс" номинация иегері атанған Акатаева Айымды құттықтаймыз!
22
февраль
2020
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс"
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс" номинация иегері атанған Акатаева Айымды құттықтаймыз!