09
февраль
2022
9-ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысатын оқушылармен лездеме өтті.
Мақсаты: жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің өту кестесімен, ережесімен танысу.
Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
- жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
- дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
- халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;
- Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.




