"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 10.02.2022 күні Директор жанындағы кеңес отырысы өтті.
10
февраль
2022

10.02.2022 күні Директор жанындағы кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. Қолданбалы курстардың өту деңгейін бақылау.
  2. Үштіліділік оқыту жүйесіне  көшудегі жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы.

Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қолданбалы курстар – оқушылардың қатысуына міндетті, оқыту бағдарының құрамына кіретін және оқу жоспарының мектеп компоненті есебінен жүзеге асыратын курстар екеніне тоқталып өтті.

Қолданбалы курстар функциялары:

  • Қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;

§  Болашақ кәсіби іс-әрекеттердің ерекшеліктеріні бағдарлау;

§  Танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау;

§  Базалық пәндік білімді толықтыру;

  • Бағдарлы пәндерді оқытудағы кемшілікті жою.

          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 31қазандағы №556 бұйрығының негізінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді «CLIL» әдісі аясында ағылшын тілін кіріктіріп оқитын пилоттық режиміндегі сыныптарда тұлғалық жетілуді қамтамасыз ететін білім беру вариативтілігін, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру негізінде  гимназияда 19 сыныптарда оқу жоспарының вариативтілік сағаттар есебінен таңдау пәні ретінде ағылшын тілінде «толықтай енгізу» жағдайында оқытылуда екенін айтып өтті. 

ДЖК қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды.

  1. Қолданбалы курстардың жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылып, айтылған ұсыныстар жүзеге асырылып, қадағалау директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.
  2. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту қанағаттанарлық деп танылып, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту жұмыстары жалғастырылсын.
  3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқушыларды әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатыстыру физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне жүктеліп, орындалуы директордың шет тілі жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.О.Кармысоваға тапсырылсын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив