08
апрель
2022
10 сынып оқушыларына «Жүректен жүрекке» акциясының аясында бірлескен тренинг – сабақ өткізілді
Бала бойындағы мейірімділік, қайырымдылық сезімін ояту мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Ш.А.Турсумбаева мен мектеп педагог-психологы Ш.С.Серікқалиева 10 сынып оқушыларына «Жүректен жүрекке» акциясының аясында бірлескен тренинг – сабақ өткізді. Тренинг барысында «Жақсы адам ешқашан істемейді...», «Жақсы тілектер себеті» атты жаттығулар өткізілді. Топтық жұмыс кезінде «Жақсылықты ойлаңдар (Мектеп жағдайында)», «Жақсылықты айтыңыздар (Менің 1 күнім)», «Жақсы әрекет жасаңыздар (Бірлескен қымет)» «Жақсыда жаттық жоқ», «Жақсы сөз – жарым ырыс» және «Жақсылықтың ережелерін» оқушылар өздері құрып, қорғады.



