12
апрель
2022
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімі қала мектеп кітапханаларында ата-аналарға арналған “Кітапхана -бұл ғажайып кітап және білім әлемі” атты ашық есік күнін өткізді.
Мақсаты: ата-аналарды “Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт” жобасын іске асыру жұмыстарымен таныстыру, жаңартылған кітапханамен таныстыру, отбасындағы дәстүрлі қарым-қатынас түрлерін, отбасылық кітап оқу дәстүрін қалпына келтіруге ықпал ету, кітапхана іс-шараларына ата-ана мен оқушылардың бірлесіп қатысуы арқылы отбасылық қарым-қатынас мәдениетін арттыру. Іс шараға ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы,білім бөлімі әдіскерлері, мектеп директорлары, мектеп кітапхана қызметкерлері және ата-аналар қатысты.
Барысы:білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенко ZOOM платформасында алғысөз алып, видео презентациямен таныстырды.
Келесі бөлім “Кітапхана-ашық әлем” жаңартылған кітапханамен таныстыру кітапхана меңгерушісі Рымбосинова О.М., “Буккроссинг” акциясымен ұйымдастырушы педагог Карибаев Р.С. және ата-аналарға жайлы орта тудыру мақсатында гимназия психологы Шынар Серікқалиевна сергіту сәтін өткізді.
Келесі бөлімде мектеп кітапханаларындағы практикалық жұмыс формалары (zoom платформасында топтық жұмыс) өткізді.
Кері байланыста ата-аналар ризашылықтарын білдіріп,алғыстарын айтты,білім бөлімі инстаграм парақшасына тіркеліп, тілектерін білдірді.



