"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 2022 жылдың 1 маусымында Өскемен қаласында Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар Форумы өткізілді.
02
июнь
2022

2022 жылдың 1 маусымында Өскемен қаласында Балалар жылына арналған Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар Форумы өткізілді.

Іс-шара 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығару, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, дарынды оқушыларды марапаттау мақсатында өтті.

Форумға республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылды.

Форум барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жумадилова форумға қатысушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол дарынды жастар кез келген мемлекеттің мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері облыстың имиджі мен беделін қалыптастыратынын атап өтті.

Бұл Форумға республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың 2021-2022 оқу жылындағы жеңімпаздары қатысты.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нен 3 оқушы Талғат Дайян, 11 сынып оқушысы, республикалық пән олимпиадасының республикалық кезеңінде құқық негіздері пәнінен ІІІ орын иегері, дайындаған пән мұғалімі – Оразалин Қуат Аманжолұлы, Нұрмұхаметова Дильназ, 10 сынып оқушысы, республикалық пән олимпиадасының республикалық кезеңінде құқық негіздері пәнінен ІІІ орын иегері, дайындаған пән мұғалімі – Галымова Жадыра Мелисхановна, Тұрсынғазы Дариға, 3 сынып оқушысы, «Зерде» ғылыми жобалар сайының республикалық кезеңінің ІІ орын иегері, жетекшілері – Азаматова Асем Муканова, Датбаева Нургуль Сериккалиевна барды.

Форумға қатысушыларға облыс әкімінен 30000, 50000 теңгенің сертификаты мен грамоталар табысталды.

Білімді, жеңімпаз оқушыларымызбен ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.👏👏👏
 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив