Қосымша білім беру педагогы лауазымдық қызметіне конкурс
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша декреттік демалысқа шыққан қызметкердің орнына қосымша білім беру педагогы лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады
Біліктілікке қойылатын талаптар:
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі-кемінде 5 жыл;
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 11 тамыздан бастап 18 тамызды қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2022 жылғы 19 мамырдан бастап 2022 жылғы 24 тамызды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: . 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҮЛГІ
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл саны (1-ден 20-ға дейін) | |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы диплом | Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары күндізгі = 5 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2 жоғары білім туралы үздік диплом = 7 | |
2. | Ғылыми / академиялық дәрежесі | Білімі туралы диплом | Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 PHD-докторы = 10 Ғылым докторы = 10 Ғылым кандидаты = 10 | |
Ұлттық біліктілік тестілеуі | Сертификат | "Педагог" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60-қа дейін = 0 балл 60-тан 70-ке дейін = 2 балл 70-тен 80-ге дейін = 5 балл 80-нен 90-ға дейін = 6 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40-қа дейін = 0 балл 40-тан 50-ге дейін = 1 балл 50-ден 60-қа дейін = 2 балл 60-тан 70-ке дейін = 3 балл "Педагог-модератор" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін = 0 балл 60-тан 70 балға дейін = 3 балл 70-тен 80 балға дейін=6 балл 80-ден 90 балға дейін=7 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=2 балл 50-ден 60 балға дейін=3 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл 70-тен 80 балға дейін=7 балл 80-нен 90 балға дейін=8 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=3 балл 50-ден 60 балға дейін=4 балл 60-тан 70 балға дейін=5 балл "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін- 5 балл 70-тен 80 балға дейін=8 балл 80-нен 90 балға дейін=9 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40 - тан 50 балға дейін=4 балл 50-ден 60 балға дейін=5 балл 60-тан 70 балға дейін=6 балл "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл | ||
3. | Біліктілігі/Санаты. | Куәлік, өзге де құжат | 2 санат-1 балл 1 санат -2 балл Жоғары санатты-3 балл Педагог-модератор-3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог- зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл | |
4. | Педагогикалық қызмет өтілі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | 1 жылдан 3 жылға дейін = 1 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5 5 жылдан 10 жылға дейін = 2 10 жылдан және одан артық = 3 | |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | әдіскер= 1 балл директор орынбасары= 3 балл директор = 5 балл | |
6. | Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін | Білім туралы дипломға қосымша | Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл | |
7. | Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) | Хат | Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл | |
8. | Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері | - білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары; - мемлекеттік награда | олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл ғылыми жобалар-1 балл олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10 | |
9. | Әдістемелік қызмет | - авторлық жұмыстар және жарияланымдар | ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы | |
10 | Қоғамдық-педагогикалық қызмет | - көшбасшылық - көптілділікті жүзеге асыру | тәлімгер-0,5 балл ӘБ жетекшілігі -1 балл кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл | |
11 | Курстық дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту | НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары – 0,5 балл курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке) | |
Барлығы: | Максималды балл – 83 | |||