31
март
2023
Астана қаласы «Роботек» роботтехника мектебінің негізін салушы Санжар Шалқарбеков Семей қаласы №37 Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияға келді.
«Роботек» роботтехника мектебімен жұмыс жасап жүрген мұғалімдер Алмат Хамитов, Ақжол Оралбеков, Баян Бақытбекқызымен кері байланыс алды. Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия директоры Малгаждарова Жанат Зейнелевна ұстаздардың еңбектерін саралап айтты. «Озық ұрпақ» жаңа жобасы бойынша роботтехника бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Роботтехниканың негізі Lego Mindstorms EV3, роботты модельдеу және программалау, құрастыру дағдыларын жетілдіріп, оқушының шығармашылығын ұштау бағытында жұмыс жүргізіп отырғанын айта отырып, жетістікке жеткен оқушылары туралы айтты. «Роботек» роботтехника мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков: IT саласында жас таланттарды қолдау және дамыту мәселелеріне қоғам назарын аударту жайлы айтты.

