07
декабрь
2025
«АСПАНҒА ҚҰЛАУ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Абай атындағы театрда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Мерей Қарттың шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында ақынның жаңа кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, ақын шығармашылықтарынан дайындалған театрландырылған қойылым көрерменге ұсынылды.
Шараға біздің гимназияның Парламент мүшелері арнайы қатысып, кештен ерекше әсер алып қайтты. Ақынның өнерге, жас буынға деген қолдауы мен шабытқа толы жырлары олар үшін үлкен тағылым болды.

