24
май
2025
2025 жылдың 23 мамыр күні 3-сыныптар арасында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, білімнің маңызын ұғындыру және алған білімдері арқылы өмірде жетістікке жету. Сондай-ақ түрлі елдер туралы танымдық ақпараттармен бөлісу арқылы дүниетанымдарын кеңейту болды.
Сабақтың басында оқушылар мемлекеттік Әнұранды орындап, патриоттық рухта бастама жасалды. Кейін оқушылар ойын түрінде әртүрлі мемлекеттердің немен танымал екенін атап өтті. Танымдық тапсырмалар арқылы олар елдердің ерекшеліктерін салыстырып, сәйкестендіру жұмыстарын орындады.
Кластер әдісі арқылы білім мен Отан ұғымдары арасындағы байланысқа ой жүгіртіп, пікір бөлісті. Әр оқушы өз ойын ашық айтып, Отан алдындағы жауапкершілік пен білімнің рөлін терең түсінуге тырысты.
Тәрбие сағаты барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Датбаева Нұргүл Серікқалиқызы “Таза Қазақстан” тақырыбында өткен эссе байқауының жүлдегерлерін және сынып үздіктерін марапаттады.
Іс-шара тартымды, тәрбиелік мәні зор, әрі оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Өткізген:3-сынып жетекшілері
ссылка 1Сабақтың басында оқушылар мемлекеттік Әнұранды орындап, патриоттық рухта бастама жасалды. Кейін оқушылар ойын түрінде әртүрлі мемлекеттердің немен танымал екенін атап өтті. Танымдық тапсырмалар арқылы олар елдердің ерекшеліктерін салыстырып, сәйкестендіру жұмыстарын орындады.