07
апрель
2023
Гимназия педагог-психологтары 5 сынып оқушыларына "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата - анасын сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Тренинг барысында оқушыларға “Амандасу”, “Тыныштық сәті”, “Жанұя бақыты” және де "Жүректен жүрекке" т.б. әртүрлі ойын жаттығулар өткізілді. Баланың ата-анаға деген махаббаты оянып, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасы нығайып, өзінің және өзгенің даралығын бағалауды үйренді.


