09
декабрь
2023
Желтоқсанның 8-і күні Біртұтас тәрбие тұжырымдамасы, “Балалар кітапханасы бағдарламасы, Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»жобасы аясында
Тәуелсіздік күніне арналған 7 "Ә" сынып оқушыларымен “Тәу етіп сүйген байрағым, Тәуелсіздік ардағым” атты өнеге сағатына гимназия түлегі, ақын, аудармашы,жас дарын Ерік Омарғалимен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ақынның шығармалар жинақтары, жеткен жетістіктері туралы кітапханашы Оралбүбі Мамиевна таныстырды. Оқушылар ақындық өнерге деген қызығушылықтарын білдіріп, ақынға сұрақтарын қойды. Еріктің ұстазы Шолпан Махмутовна шәкіртінің мектеп қабырғасында жүргендегі шығармашылықпен айналысқандығы, алғашқы жыр жинағы «Сәуір сыры» деген атпен шыққандығы және мектепте жүргенде әртүрлі сахналық қойылымдарға қатысқаны туралы естеліктер айтты. Оқушылар Ерік Омарғалидің шығармаларынан үзінділер оқып, кездесудің шырайын кіргізді
Кездесуді ұйымдастырған Нургамысова Ш.М.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
Кездесуді ұйымдастырған Нургамысова Ш.М.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы


