29
сентябрь
2025
Ақпарат
Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың 20-21 қыркүйегінде Семей қаласы Shakarim University базасында оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл додаға республиканың 20 облысынан 60-тан астам үздік пікірсайысшы қатысып, бақ сынады.
Сол додада біздің гимназиямыздың атынан қатысқан жас шешендер өз білімдері мен ой ұшқырлығын, шешендік шеберлігін танытып, «Ыбырай дарындары» тобы республика деңгейінде үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын иегері атанды! Бұл – барлығымыз үшін үлкен мақтаныш, зор қуаныш!
Осы тартысты жарыста мектебіміздің атынан өнер көрсеткен мақтаныштарымызды 22.09. 25 күні гимназия қабырғасында ұстаздар мен оқушылар қарсы алды.
1️Төлендинова Адия
2️ Бақытбекова Назерке
3️ Қадырова Тоғжан
Жетекшісі – Бинұр Ахатқызы.
ссылка1