09
январь
2026
Қысқы демалыс жоспарының күн тәртібіне сәйкес 2026 жылдың 6 қаңтарында жас мамандарға арналған «Жас педагогтың кәсіби қалыптасуы және өзіне сенімділігі» тақырыбында коучинг жүргізілді.
Коучингтің мақсаты
Жас педагогтардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, өзіне деген сенімділігін арттыру және кәсіби дамуға бағыт беру.
Жас педагог ретінде кәсіби қалыптасуы, кездесетін қиындықтар және педагогтардың өзіне деген сенімділікті арттыру туралы ой бөлісті. Бұл коучинг – бағалау емес, еркін пікір алмасу алаңы болды.
Міндеттері:
Жас педагогтың кәсіби бейімделуін жеңілдету
Өзіне деген сенімділігін арттыру
Кәсіби рефлексия жасауға үйрету
мақсат қою дағдысын қалыптастыру
Коучинг кезеңдері келесідей жоспарланды.
«Мен не үшін мұғаліммін?» – ішкі мотивация
SWOT талдау – өзін-өзі тану
Қиындықтарды анықтау
SMART мақсат – кәсіби жоспар
Рефлексия – нәтиже шығару.
ссылка1


